Қазір Кербұлақ ауданында 1424 адам тұрғын үй кезегінде тұр.Халықты баспанамен қамту мақсатында биыл ауданда барлық қаржыландыру көздері есебінен 16,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі:"Бүгінгі күні ауданда апаттық жағдайдағы 96 пәтерлі 12 тұрғын үйдің мәселесін шешу жұмыстары қолға алынып отыр.Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтылды,"-деп мәлімдейді.
Белгілі болғанындай, 2020 жылы ауданда бюджеттен бірде-бір үй салынбаған, 2021 жылы 40 пәтерлі тұрғын үй салынса, 2022 жылы 50 жеке тұрғын үй мен 40 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Ал биылғы жылы ауданда бір 60 пәтерлі үй беріледі және 10 жеке үй сатып алынады,- деп хабарлайды el24.kz тілішісі.
Сондай-ақ 8 жеке үй демеушілер арқылы сатып алынды.
Бұдан бөлек, биыл күзде аудан орталығында «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы арқылы 65 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталады, ол 2024 жылдың бірінші жартысында пайдалануға
беріледі. Атқарылып отырған жұмыстардың нәтижесінде 2022 - 2024 жылдары тұрғын үй кезегі 16% қысқарады деп жоспарланып отыр.
Сонымен бірге бүгінгі күні ауданда апаттық жағдайдағы 96 пәтерлі 12 тұрғын үй бар. Соның ішінде 64 пәтердің ғана иелері расталды, заңнамаға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне 38 пәтердің иесі кезекке алынып, 26 пәтер иесінің құжаттары рәсімделуде.
- Бұл мәселені шешу үшін апатты тұрғын үйдің иелеріне және әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға арналып 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2024 жылы пайдалануға беріледі.
Аудан әкімдігіне жылдың соңына дейін қалған 32 пәтерге қатысты құқық белгілейтін
құжаттарды ресімдеу жұмысын белгіленген тәртіпте аяқтауды тапсырамын,-деді Б.Исабаев.