2023 жылғы 27 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдіктелуде. Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.
Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдер тәркіленді.
Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.