фото tengrinews.kz

 Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апатқа шетелдік сарапшылар тағайындалатыны жөнінде, Төтенше жағдай міністірі Сырым Шәріпханов Үкімет отырсында сөз етті.


«Қазіргі уақытта тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылды. Естеріңізге салайық, ағымдағы жылғы 28 қазанда сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтада тереңдігі 700 метрде жану болып, кейіннен метан-ауа қоспасының жарылуы орын алды.

Бұл жерге дереу «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының күштері жіберілді», - деді Сырым Шәріпханов.

Міністр апат кезінде ауысымда 252 кенші болғанын, оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-і тау-кен құтқару күштері тапқанын еске салды-деп жазады el24.kz тілшісі.

«Жалпы, 30 қазаннан бастап Қарағанды облысының бес шахтасында (Абай, Саран, Шахтинск, Күзембаев және Ленин атындағы) өндіру процестері қайта жанданды. «Тентек» шахтасында тек дайындық жұмыстары жүргізілуде. «Қазақстан» шахтасында оның қарқынды жұмыс істеуі үшін барлық жұмыстар қамтамасыз етілуде және аэрогаз жағдайы бақылауда», - деді Сырым Шәріпханов.

 Сондай -ақ, Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан пайдасына беру рәсімі қандай сатыда екенін мәлім етті:

«Мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жылдар бойы қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Компания өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Қазіргі таңда, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында. Комиссия апаттың себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады», - деді Премьер-Министр.