Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, жаңа -жылға қараған түні от шашудан Маңғыстау облысында үш адам зардап шекті. Оның бірі — ересек адам, екеуі -бала.
«Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсеткен-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артқан. Оның ішінде 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған. От шашудан 3 адам жарақат алған. Оның біреуі - ересек адам, екеуі - кішкентай бала», - делінген баспасөз мәліметінде.