10 ақпанда Sergek Group компаниясы лас түтін шығаратын алматылық көліктер туралы мәліметтерді полицияға береді. Бұл туралы el24.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
“Зерттеу барысында анықталған лас түтін шығаратын көліктердің тізімдері 10 ақпанда полицияға тапсырылады. Осылайша, патрульдік қызметшілер көлік ағынындағы тәртіп бұзушыларды анықтап, оларды тоқтатуға және тексеру үшін экологиялық бақылау бекеттеріне жіберуге заңды негіздерге ие болады”, – деп мәлімдеді Sergek Group компаниясының өкілдері.
2023 жылдың желтоқсанында Sergek сынақ режимінде уыттылық пен түтін нормаларын бұзған автокөліктерді анықтауды бастады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап экосенсорлар толықтай жұмыс істеп тұр.
Kolesa.kz атап өткендей, экопосттардағы шығарындылар май температурасы мен иінді біліктің айналу датчиктерін қосу арқылы қатаң түрде нормативтік құжаттарға сәйкес төмен және жоғары жылдамдықта көрсеткіштерді бөлек қабылдайды.
“Бұл ретте бензинмен жүретін көліктерді минус 7-ден төмен температурада, ал дизельді көліктерді көшеде нөлден төмен температура болғанда тексеру мүмкін болмайды”, – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматы жолдарында 1000-нан астам жаңа "Сергек" камералары пайда болатыны хабарланған.