Ақмола облысында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп, суицид жасады.
Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде болған.
«Биылғы жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өз-өзіне қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алдын-ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-шы қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30 болды», - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен. Қазіргі уақытта тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілуде.