Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында қазір 8 адам ем алып жатыр. Олар 18-22 жастағы жігіттер. Бәрінің аяғында бытыра жарақаты бар.
 
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті осы төбелеске қатысқан 4 күдіктіні ұстап, қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Бұзақылық» баптары бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Ал 8 жігіт облыстық көпсалалы ауруханасында.
 
Олардың бәрінің аяғына бытыра тиген.  - Түнде сағат шамамен 2:00-де белгісіз біреу жас жігітті әкелді. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Оның өмірін сақтап қалу үшін бар жағдай жасалғанымен, көптеген пышақ жарақатынан, оқ жарақатынан көз жұмды. Содан кейін жас жігіттерді әкеле бастады. Барлығы тағы 8 жігіт жеткізілді.
 
Олар 2002-2006 жылдар аралығындағы жігіттер. Бәрінің аяғында бытыра жарақаты болды. Оларға ем-дом көрсетіліп жатыр. Бәрінің жағдайы тұрақты. Жансақтау бөлімінде жатқан ешкім жоқ. Олардың студент немесе оқушы екені белгісіз. Кімдер екенін нақты айта алмаймыз. Бәріне күзет қойылған. Оларды жеке көлікпен, кейбірін полиция әкелді,- деді Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы травматология бөлімінің травматолог дәрігері Жаслан Урумбаев.