фото скриншот ктк арнасы видеосынан алынды

Маңғыстауда екі әскери қызметкер егде жастағы ер адамды асқан қатыгездікпен өлтіргені үшін қамауға алынды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.
 
Тергеушілердің мәліметінше, күдіктілер алдымен 59 жастағы кісіні ұрлап әкеткен. Кейін оның басын кесіп, көміп тастапты. Олардың тағы бір сыбайласы қашып жүр.
 
Қазір оны құрықтау үшін жедел операция жүруде. Әскерилердің мұндай сұмдыққа неге барғаны белгісіз.
 
Айта кетейік, олардың қолынан қаза тапқан адам бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған.
 
Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: — Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.