Бұдан былай ата-анасынсыз балаларды қоғамдық көліктен ешкім мәжбүрлеп шығарып жібере алмайды.
Көлік министрлігі жыл басынан бері талқыланып келе жатқан заң өз күшіне енгенін мәлімдеді. Жанында ата-анасы жоқ 16 жасқа дейінгі жасөспірім жол ақысын төлей алмаса да, оны қоғамдық көліктен түсіріп тастауға тыйым салынады.
Жүргізуші міндетті түрде полицияға немесе қамқоршылық қорғаншылық органдарына хабарласуы тиіс. Олар баланың отбасылық жағдайын тексереді.