el24.kz Алматы қаласында студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында арнайы Ахуал орталығы ашылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, орталық жоғары оқу орындарындағы бос орындар туралы ақпарат беріп, студенттерге жатақхана табуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы үйлестіруші алаң қызметін атқарады.
Ахуал орталығы Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142 мекенжайында орналасқан. Мұндай орталықтар Астана мен Шымкентте де жұмыс істеп жатыр. Шымкенттегі орталық – 20, ал Алматыдағысы – 30 адамға дейін қабылдай алады.
Министрлік биыл студенттерді жатақханамен қамту мәселесін кешенді шешуді көздеп отыр. Ахуал орталықтары – осы бағыттағы пилоттық жобаның бір бөлігі.