el24.kz Абай облысында әйел көпірден секіріп, қаза тапты. Оқиға бүгін Семей қаласында болған.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, тұрғындар көпірдің астынан, мұз үстінен әйелдің денесін байқап, бұл туралы полицияға хабарлаған.
Абай облысы Полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растады.
Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша соталды тергеу басталған.
— Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ қаза тапқан әйелдің мұндай қадамға баруына не себеп болғаны анықталып жатыр, — деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен жағдайларын жан-жақты тексеріп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат жарияланатын болады.
