Қайғылы оқиға Ресейдің Сочи қаласында орын алған.
Денесі тығыз келген ер адам үйдің шатырынан бассейнге секіремін деп қайғылы оқиғаға тап болды. Жазбадан көргендеріңіздей, ол бассейн алдында орналасқан плитаға бетпен құлайды.
Болған оқиға YouTube-те жарияланған. Ер адамның іс-әрекетін түсіріп отырған адам ол құлаған сәтте бірден түсірілімді тоқтатқан.
Зардап шеккен 41 жастағы Армения азаматы екені анықталды. Ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстарын жүргізілуде.