Жарылыс жергілікті уақыт бойынша кешкі тоғызда Мохаммед Агха ауданында болған, жарылғыш заттар музыканттар отырған сахнаның астына орнатылыпты.
Аудан әкімшілігінің басшысы Нур Мохаммед Обаидидің сөзіне сүйенсек, оқиғаға жеке басына қатысты өшпенділік себеп болған.
Агенттік мәліметінше, жарақат алғандардың басым бөлігі Кабулдағы ауруханаға жеткізілді. Полиция өкілі Шахпур Ахмадзай хабарлағандай, тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.