Ғалымдардың болжауынша, ұшақтардан шығатын пайдаланылған газ болуы мүмкін.

Бейжіңнің түнгі аспанында ақ сәуле шашатын белгісіз ұшатын нысан көрінді. Мұндай құбылыс Солтүстік Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында және Шэньси солтүстік-батыс провинциясында байқалды. 

CGTN  мәліметінше, ғалымдар бұл нысанды күн сәулесін шағылыстыратындай биікте ұшатын әуе кемелерінен шығатын пайдаланылған газ болуы мүмкін деп болжап отыр. Айта кетейік, дәл осындай оқиға АҚШ-та да болып еді. Мамыр айында желіде белгісіз ұшатын нысанның видеосы жарияланып, оны миллионнан астам адам тамашалаған еді.
 Онда сұр түсті сопақша нысан көл үстімен баяу ұшып бара жатқаны көрінеді. Видеоны түсірген автор нысан "ғарыш кемесі" шығар деп пайымдайды. Роликке көптеген адам пікір жазды. Кей интернет қолданушылары бұл шынымен белгісіз ұшатын нысан екенін айтып жатты. Ал басқалары АҚШ әскери-әуе күштерінің құпия техникасы болар деп болжаған. Түсірілімге арналған құрылғы дегендер де болды. 
Соңғы пікірді құрылғы иелері растапты: ол көлік жарысын түсіруші аэростат болып шықты. Сонымен, видео жалған емес, бірақ оған берілген бастапқы болжам шындыққа жанаспады. 
 
                                                                                    Дереккөз: Sputnik