Реддит пайдаланушысы әйелінің жасанды ұрықтандыруды қолдану арқылы жүкті болуға шешім қабылдағанын баяндады. Күйеуі бар әйелдің мұндай қадамға бару себебі жаға ұстатады. Ол баласының өз күйеуінен емес, бет-әлпеті анағұрлым тартымды әкеден дүниеге келгенін қалайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ер адамның айтуынша, некеден кейін үш жыл өткен соң, олар әйелі екеуі балалы болуды ойлаған. Бірақ, әйелі оған баласының әкесі басқа еркек болғанын қалайтынын айтады. Ол болашақ сәбиінің жұбайына қарағанда ақылды әрі, әдемі еркектен дүниеге келгенін қалап, шәует донорын іздестіргісі келетінін жеткізеді. Әйелдің жоспарына сәйкес, егер ол басқа біреудің шәуеті арқылы бала көтерсе, олардың болашақ ұлы немесе қызы әдемі болып дүниеге келеді. Және әйел бұл баланың өмірін едәуір жеңілдетеді деп санайды.
Бірақ, әйелдің бұл ойы күйеуін әбден ойландырып, басын қатырып қойды. Ол айтарлықтай тартымды емес екенін біледі, бірақ оның әйелі де сыртқы келбетімен мақтана алмайды. Содан ол мұндай жағдайда балаға басқа әкесі ғана емес, сонымен бірге басқа ана таңдауға болады деп жауап қайырады. Бірақ әйел күйеуінің бұл ұсынысына қызығушылық танытпайды.
Ал бұл оқиғаны оқыған көптеген оқырмандар тіпті не айтарларын білмей, жағаларын ұстады.
Кейінірек, ер адам әйелінің болашақ сәбиге әке таңдап қойғанын хабарлады. Оның айтуынша, әйелімен некеден тыс қарым-қатынаста болған әріптесі шәует доноры болуға келіскен екен. Бірақ, ер адам әйелінің осы әрекетінен кейін онымен ажырасу туралы шешім қабылдағанын айтты.
Дереккөз: Stan.kz