Үндістанның Патиала қаласының тұрғынын туысқандары өлдіге санап, мүрдесін өртеген. Артынша «марқұм» әйел үйіне қайтып келді.
Наина Рани есімді әйел 8 желтоқсанда жоғалып кеткен. бастапқыда полиция оны көңілдесімен бірге ауылдан қашып кетті деп топшылаған. Алайда арада бірнеше күн өткеннен кейін жергілікті фермер қап тауып алған. Оның ішінде әйелдің мүрдесі болыпты. Полиция оның кім екенін анықтай амлаған. Артынша Ранидің ата-анасы мүрдемен бірге табылған әшекейдің қыздарына тиесілі болғанын айтқан, деп хабарлайды Times of India басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Ал құқық қорғау органдары Раниді көңілдесі өлтірді деген тұжырым жасаған. Себебі әйелдің денесінен өткір затпен жарақаттану белгісі болыпты.
Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін туыстары әйелдің денесін өртеп жіберген. Алайда төрт күннен кейін әйел көңілдесімен бірге қайтып келді.
Қазіргі уақытта полиция мүрдесі өртелген әйелдің кім екенін анықтап жатыр.