• Сәлеметсіз бе "Сырласу" !
    Анон болсыншы.Ішім алай -дүлей. Ішімдегіні айтып сырымды бөлісетін досым жоқ. Қатты қиналып жүрмін.Не істерімді білмеймін.Күйеуім  ажырасқан әйелмен жүреді екен.
     
    Сөйлесіп жүргендеріне төрт -бес жылдай болыпты. Қайта -қайта жаңағы әйел СМС жазып қоймайды. Телефонды алып мен оның әйелімін десем, аузына ақ ит кіріп , қара ит шығады. "Әрі ұры,әрі үстем" дегендей. Іздестіріп сұрастырып көрсем, мектепте мұғалім болып істейді екен. Жасы өзінен үлкен. Масқара.
    Күйеуімнің бірінші рет жүруі емес. Бірақ,күйеуіме адал болдым. Кейбіреулер тәрізді  "сен жасағанға мен қылдым " деп,ерегеспен әркет жасау қолымнан келмейді екен. Қандай әрекет жасаса да, қандай қылығы болса да бәрін кешіріп, төзіп келдім.Мына әйел өмірімде естімеген сөздерді айтқанда,біртүрлі қысылып қалдым.Заңды әйелі  мен емес , сол сияқты. Ондай сөз еститіндей  мен оның күйеуімен жүрген жоқпын ғой. Заман қандай қорқынышты.Отбасылық әңгімені көпшілікке неге салады , басы жасамайтын әйел деген сияқты әңгіме айтпаңдаршы.Тек ішіме сыймағанды, сыртқа шығарып кішкене болса да  жеңілдеп қалғым келген...