АҚШ-та полицей тынысы тоқтап қалған бір жарым жасар сәбиді құтқарып қалды.

Оның сәбиді аман алып қалған сәті денесіне орнатылған камераға түсіп қалған. Оқиға 21 тамызда Скоттсвилл қалашығында болған. Полиция қызметкері Джеймс Тэлботт кішкентай Эйден Кингтің көгеріп, тұншыға бастағанын байқапты.

Ол бірден сәбиді құтқаруға кірісіп, тыныс жолдарын тазалап, артынша жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Осыдан кейін сәби қайта тыныс ала бастады. Артынша сәбиі жергілікті ауруханаға жеткізілді.  Дәрігерлердің сөзінше, егер балаға дер кезінде көмек көрсетілмегенде, ол тірі қалмайтын еді. 2020 жылдың мамыр айында Тэлботты адам өмірін құтқарғаны үшін марапатқа ұсынып, медаль беріледі. 

Дереккөз : ktk.kz