Нұр-Сұлтанның халықаралық әуежайында ер адам көз жұмды.
Марқұм Мәскеу арқылы Вьетнамнан ұшып келген туристердің арасында болған. "Қайғылы жағдай 22 наурызда болған.
1965 жылғы ер адам өзін нашар сезініп, сағат 18.58-де жедел жәрдемге хабар түскен, дәрігерлер бригадасы сағат 19.06-да оқиға орнына келген. Өкінішке қарай, ҚР азаматы биологиялық өлімнен қайтыс болды", - делінген хабарламада. Oл ұшақта денсаулығына байланысты шағымданбаған. Айта кетейік, ұшып келгендердің барлығы елордадағы қонақ үйлердің бірінде жабдықталған стационарға карантинге жатқызылды. Олардан коронавируске анализ алынады.
Ktk.kz
Ktk.kz