Ресейде коронавирус жұқтырған жүкті әйел көз жұмды.
 
Бұл туралы аталған елдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады. 15 сәуір күні Дағыстанның Хасавюрта қаласының 27 жастағы тұрғыны ауыр халде Республикалық жұқпалы аурулар орталығына өңірлік Денсаулық сақтау министрлігінің тікұшағымен жеткізілген. «Аурухана дәрігерлері бар күшін салғанымен әйелді аман алып қалу мүмкін болмады», - делінген хабарламада. Дағыстанда соңғы бір тәулікте тағы екі адам коронавирус инфекциясынан көз жұмған.
 
Дереккөз: Baq.kz