Ньюкасл қаласында орналасқан BBC радиосының жүргізушісі Лиза Шоу тромбоздан қайтыс болды.

Тромбоз коронавирусқа қарсы британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының вакцинасын алғаннан кейін пайда болды. Радио жүргізушісінің туыстарының айтуынша, вакцина алғанына бір апта өткен соң оның қатты басы ауыра бастапты. Полиция тексеруді бастады. Сәуір айында бірнеше еуропалық елдер вакцина алғандардан тромбоздың анықталуына байланысты AstraZeneca вакцинасын пайдалануды тоқтатты немесе тыйым салды. Сонымен қатар, вакцинаны жасаушылар оның қауіпсіздігін талап етеді. Компания вакциналаудан кейінгі 17 миллионнан астам адамның денсаулығының жай-күйін егжей-тегжейлі зерттеп, өкпе эмболиясы, терең тамыр тромбозы немесе тромбоцитопения қаупінің жоғарылауы туралы мәліметтер жоқ екенін айтты.
 
Дереккөз: Zakon.kz