Президент кортежіне ілесіп жүруге міндеттелген автокөліктердің бірі ауыл маңында қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлікпен соқтығысқан.
Ыстықкөл облысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың көлік кортежі апатқа ұшырады. Салдарынан ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9-бөлім қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Бұл туралы Қырғыз президентінің баспасөз қызметі арнайы ақпарат таратты.
Президент кортежіне ілесіп жүруге міндеттелген автокөліктердің бірі ауыл маңында қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан үш адам жарақат алып, мемлекеттік күзет қызметінің (МҚҚ) қызметкері қайтыс болды.
Ақпаратта президент Жапаровтың өміріне ешқандай қауіп төнбегені айтылған.Жапаровтың өміріне ешқандай қауіп төнбегені айтылған.