Массачусетсте аквалангшы бүкір киттің аузынан сытылып шығып, қандай да бір ауыр жарақат алмастан жағаға жете алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті жердің Cape Cod Times газетіне сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, 56 жастағы Майкл Пакард жұма күні таңертең Провинстаун қаласының жанында Атлант мұхитының жағасында лобстерлерді аулап жүрген.
«Мен кенеттен алып күштің тартып әкетіп бара жатқанын сезіндім, содан кейін айнала қараңғы болып кетті. Мен өзімнің қозғалғанымды сезіндім, ал кит мені аузындағы бұлшық еттердің көмегімен итеріп жіберді», - деді ол басылымға.
Бастапқыда Пакард оны акула жеп қойды деп ойлаған, бірақ оған шабуыл жасаған тіршілік иесінің тістерін таба алмағаннан кейін ешқандай ауыр жарақат алмағанын түсінген дайвер өзінің киттің ішінде екенін түсінген.
Аквалангшы қарқынды түрде қозғала бастаған, содан кейін кит су бетіне шығып, басын шайқап, оны босатып жіберген. Пакардтың серіктесі оны қайыққа сүйреп апарып, жағаға шығарған. Дайвер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтып, оны бірнеше сағаттан кейін үйіне жіберген.