Ғалымдар жақында жаһандық жылынудың Жердегі тіршілікті адам төзгісіз етуі мүмкін деп дабыл қақты.
Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тағы Өлім алқабынан Таяу Шығысқа және Үндістаннан Сахараға дейінгі аралықта адамдар қазірдің өзінде өте қолайсыз температураны бастан кешіруде, егер ешқандай шара қолданылмаса, планетаның басқа бөліктерінде де жағдай нашарлайды.
Осы жазда Калифорниядағы Өлім алқабында ауа температурасы Цельсий бойынша 54,4 градусты құрады. Бұл қазіргі заманғы аспаптармен тіркелген жер бетіндегі ең жоғары көрсеткіш. АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфера басқармасы 2021 жылдың шілдесі тарихтағы ең ыстық жыл болды деп мәлімдеді.
Климат бойынша сарапшы Зеке Хаусфатер ғаламдық жылыну мұндай төтенше оқиғалардың жиі орын алуына әсер ететінін ескертті. Ғалымдар атап өткендей, температураның көтерілуі аптап ыстық пен құрғақшылыққа, орман өртіне, дауыл мен су тасқынына әкеледі.
Ыстық толқындар санының артуы ауыл шаруашылығына зиянды әсер етіп, адамдар өмірі үшін өте қауіпті. "Су тасқынынан бірнеше адам, мүмкін бірнеше ондаған адам құрбан болады.
Біз аптап ыстық толқыны жерге жақындаған сайын қаза болуы мүмкін мыңдаған адам өмірі туралы айтып жатырмыз. Мұндай катаклизмдер көбейіп барады", - дейді Пьер-Симон Лаплас институтының директоры Роберт Вотард. Мамандардың айтуынша, ауа температурасының бар болғаны екі градусқа көтерілуіне байланысты әлем халқының жартысына жуығы бес жылда бір рет осындай құбылыстардан зардап шегуі мүмкін.
Дереккөз : ktk.kz