Telegram тағы да жаңа ережелерді бекітті

Telegram контентті қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін енгізді. Бұдан былай аталған арнада хабарламаларды көшіріп жіберуге, скриншоттауға тыйым салынады. Сонымен қатар жеке чаттағы белгілі бір кезеңдегі хат алмасуларды өшіруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша Тelegram пайдаланушылары хат алмасу тарихын өздері басқарады әрі чаттағы барлық қатысушылардың хабарламаларын жоя алады. Қосымшаны пайдалану ыңғайлы болу үшін жаңа мүмкіндіктер енгізілді.

Атап айтқанда, Тelegramға бір уақытта бірнеше құрылғы арқылы SMS хабарламасыз-ақ жылдам кіруге болады. Егер Тelegram-ға өзге құрылғылар арқылы кіріп, одан шығуды ұмытып кетсеңіз сеанстар автоматты түрде аяқталады.