Атыс дүйсенбіге қараған түні Гарленд (АҚШ, Техас штаты) қаласында дүкенде болған, үш адам қаза тапты.
Оның мәліметінше, ер адам көлігінен шығып, дүкенге кірген бойда бірден оқ жаудырған. Кейін ол ғимараттан шығып, көлікке отырған. Көлікті тағы бір адам жүргізген. Олардың жеке басы анықталмады. Оқиғаның себебі нақтыланбаған, алайда құқық қорғау органының өкілі бұл келеңсіз жағдайдың «тонау ісіне ұқсамайтынын» мәлімдеді. Атыс салдарынан бір адам зардап шеккен, ол ауруханаға жатқызылды.
ktk.kz