Өзбекстанда жаңа заң Конституция жобасы талқыланып жатыр - деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Бұл бойынша референдум өткізіледі деп күтілуде. Конституциядағы 66- бапқа ,177- түрлі өзгерістер енгізілмек.
Заң жобасында өзгеріске ұшырайтын баптардың бірнешеуі Қарақалпақстанның тағдырына байланысты. Егер заң жобасы қабылданса Қарақалпақстан егемендік статусынан және Өзбекстанан бөлініп шығу құқығынан айырылады.
Конституцияның 70-71- 72-74-75 -баптарында Қарақалпақстанның жаңа статусы көрсетілген. Жаңа статус бойынша Қарақалпақстан өзінің бостандығы бар егемен ел емес жәй ғана Өзбекстанның қатардағы субектісі болып қалады.
Ал осы күнге дейін қолданып келе жатқан Конституция бойынша Қарақалпақстан егемен республика болып саналады. Қазіргі қолданыстағы заңда Қарақалпақстан бүкіл халықтық реферндум негізінде Өзбекстан құрамынан бөлініп шыға алады деп көрсетілген. Осы нормалар заңнан алынып тасталуы мүмкін.
Осы нормалардың заңнан алынып тасталуына наразы көпшілік бүгін 1- ші шілде күні митингіге шықты. Қарақалпақстанның Өзбекстан қарауынан бөлініп шығуы үшін, тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында мыңдаған халық жиналып өз қарсылықтарын білдіруде...