Өзбекстан Республикасы президентінің  бұйрығымен  халықтың қауіпсіздігі және  құқықтық еркіндігін сақтау мақсатында 3.07.2022 жылдың түнгі сағат 00:00- ден ,  2.08.2022 жылға дейін  Қарақалпақстан  территориясында төтенше жағдай, кешкі 9:00 -ден, таңғы 7:00 - ге дейін  комендаттық сағат жарияланды, деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
 
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Жоғарғы Кеңес депутатарымен  жиналыста сөйлеген сөзінде : « Заңдағы өзгерістерді өздерің талқылап, өздерің қол қойғансыңдар. Әрқашан мен ашықпын ғой. Неге маған телефон соғып  бір ауыз айтпайсыңдар ? Міне, халық осылай наразы болып жатыр ? — деп. Менде адаммын ғой , маған да Қарақалпақстанның ертеңгі күні керек, ертеңгі тыныштығы керек. Сонша жасаған еңбегімізді  жоққа  шығару кімге керек ? Кімге ?! Біздің мақсатымыз, мүддеміз не өзі ? Мақсат, мүддеміз емін еркін жасау.  Әрбір адам еркін  сезінуі. Ұлтына ,тіліне, дініне қарамай  Отанымызда емін -еркін жасауы. Конституциялық реформа тек қана  халықтың ертеңгі күнін жақсы қылу үшін. Қарақалпақ  халқы наразы болса бір бапта ешқашан  өзгермейді . Сол үшін әрбір депутат  өздерінің ұсыныстарын және бір айтсын. 70-71-72-74-75- баптарға бірде -бір өзгеріс енгізілмейді » — деп сөзін аяқтады.
 
 
Естеріңізге сала кетсек 1- шілде күні Қарақалпақстанда , Конституция реформаларында  жоғарыдағы аталған баптарды алып тастау қарастырылып жатқандықтан, жалпы халықтық наразылық митнигісі өтіп жатқаны жайында жазған болатынбыз.
 
«Қарқалпағым» телеграмм каналындағы  Қарақалпақстан  тұрғындарының  мәліметінше халыққа су, азық- түлік беру тоқтатылған. Өзбекстананнан бөлініп тәуелсіз ел болу үшін халық  наразылықтары әлі жалғасып жатыр. Видеоларда «Азаттық ! Азаттық» деп айқайлап жатқандары анық байқалады. Қарақалпақстанның әр районында наразылықтарын білдіріп халық жиналып жатыр. Ендігі талаптары азаттық алып, тәуелсіз ел болу.