Тынық мұхитында 5,7 балдық жер сілкінісі болды
Тынық мұхитта, Чилиге жақын маңда 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Эпицентрі Темуко қаласынан солтүстік-батысқа қарай 101 шақырым жерде, 238 мың тұрғыны бар аумақта орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 19 шақырым тереңде жатыр. Цунами болу қаупі туралы ақпарат жоқ.