Өзбекстанда үш ер адам зейнеткерлердің үйіне кіріп, үй иелерін аяусыз соққыға жыққан.
Зейнетке шыққан ерлі-зайыпты тұратын үйге түнде үш ер адам бас сұққан. Үйден құнды ешнәрсе таппай, үй иелерін ұрып-соғып кеткен.
Шабуылшылар оқиға орнынан бой тасалап, іздерін жасыру үшін бетперделері мен қолғаптарын арыққа лақтырып тастаған.
Алған жарақатының салдарынан үй иесі, 70 жастағы зейнеткер алты күн жатқан жансақтау бөлімінде жатып, кейін қайтыс болды. Әйелі де ауруханаға жатқызылды.
Жедел іс-шаралар барысында қылмыскерлер ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалып, Қылмыстық кодекстің 164-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz