Британдық полицейлер қала көшелерімен серуендеп жүрген адамдарды киімдерінің астында қару-жарақтың бар-жоғын жасырын тексере алады.

«Келесі жылы енгізілуі мүмкін жаңа технология тәртіп сақшыларына жұртшылық көп жиналатын жерлерде алты метрге дейінгі қашықтықта киім, тіпті қалың пальто мен белдік астынан пышақтардың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді», - деп жазды The Standard.

  Бұл технологияны енгізуді жеделдету үшін Ұлыбритания үкіметі 460 мыңнан астам фунт стерлинг бөлді. Оны қолдану жазықсыз адамдарды тұтқындау мен тінту санын азайтуды көздейді. 

Лондонда пышақ қолданған қылмыс санының өсуі байқалады: Ұлыбритания астанасында 2022 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың маусымы аралығында 13 503 оқиға тіркелді, бұл алдыңғы 12 айлық кезеңмен салыстырғанда 20 пайызға көп.

КТК телеарнасы