Қазақстандық сейсмологтар түнде Қытайда тағы екі жер сілкінісін тіркеді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:20-да жер сілкінісін тіркеді.
 
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.3. Магнитудасы – MPV 4.7. Жер сілкінісінің координаттары – солтүстік-батыс бойынша 41,07°. 78,55°ш.б. Тереңдігі – 5 км. «Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ», - делінген хабарламада.
 
Таңғы сағат 4:15-те ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде, Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бір күн бұрын Қытайда үш рет жер сілкінген болатын.