Елге қара пиармен танылған,Айжан Байзақова ақша үшін шешіндірген қыздарды өзіне бірдеңе жасап қоюынан қорыққанын Telegram парақшасында жазды.Қара пиарды көтере алмай өздеріне қол жұмсап қоймаса екен деп алаңдағанын жеткізді;
“Таңғы сағат 7, 8.30-ға дейін сіңлімді балабақшаға апаруым керек болатын. Аузымда әлі ішімдіктің иісі. Бірақ сіңлім қолымдағы жараларды байқап, сол туралы сұрағанда есімді тез жиып алдым. Оның алдында түні бойы ұйықтай алмадым, құдды ұйықтамау керектігін білгендей. Көлікті оталдырдым, инстаграмды қарамадым, себебі барлық жерде әлгі жалаңаш қыздар, ал артында менің даусым… Телефоным шырылдаған сайын уайымдадым. Қыздар болған оқиғаға өкініп, “қара” пиарға шыдамай, өздеріне бірдеңе істеп қоя ма деген ой маза бермеді. Таңғы сағат 8-де Жібек есімді танысым хабарласып, Алмалы аудандық РОВД-ға келуімді сұрады. “9-дан кешікпеуің керек деді. Қызды тәрбиешісіне тапсырып болған соң, темекі шегуге жүгіріп шықтым. Әлгі қыздарға расымен бірдеңе болды деп ойладым. Бір қорап темекіні тауыстым. Сонымен РОВД-ға келдік. Құдайға шүкір, бәрі аман екен, тек менің “шындыққа” деген сенімім сол сәтте өлді. Тергеу басталды. “Неге, не үшін, не шектің, шу болғанын білесің ба, тағысын тағы…” Ал мен күліп қана 2-ге дейін маникюрге кетуім керек екенін айттым. Олар да: “Әрине, барасыз, тек әкімшілік айыппұлды төлеген соң”, – деп жауап берді.
Ешқандай мәселе жоқ, барлығы заң бойынша, айыппұл болса айыппұл. Сонымен мені сотқа жеткізді. Артымнан адамдардың сыбырласып тұрғанын естідім.
– Айыппұлды төлеуге шамаңыз келе ме?
– Әрине, кешірім сұраймын, төлеуге дайынмын.
– Ок… 5 секунд үнсіздік.
Судья:
– Клубта әдепсіз сөз айтқаныңыз үшін үш күнге қамауға алынасыз, назар аударғандарыңызға рақмет.
“Рас па? Мен жаңылыс естімедім ме? Яғни қыздарды шешіндіргенім ештеңе емес, ал сіздер мені балағат сөз айтқаным үшін қамап жатсыздар ма? Таласу бекершілік. Бұл заң. Үйге барып, заттарымды алуға уақыт берді. Достарым уақытты созып, асықпай баруымды өтінді. Мүмкін бір қателік шығар деді”, –деп сөзін қорытындылай келе жалғасын жазуға уәде берді.
Естеріңізге сала кетсек осыдан бір ай бұрын Алматыдағы «Zakova» түнгі клубында екі бірдей қызды ақшаға шешіндірген, Айжан Байзақова үш тәулікке отырып шыққан болатын.