Қазақтың қара өлеңімен елді тамсандырып,дәстүрлі әндердерді заман болмысына сай әрлеп, ән салып жүрген «Қоңыр» тобындағы Мархабат Мықтыбеков ұлды болды.Бұл жөнінде Арман Абубакир фейсбуктегі парақшасында хабарлады;
«Сүйінші, сүйінші Алаш елі!
"Қоңыр" тобының мүшесі, ұлттық музыканың көрнекті өкілі, күміс көмей, жез таңдай әнші ағамыз Мархабат Мықтыбеков пен белгілікомпозитор, қолөнер шебері Жәудір Артықбаеваның шаңырағында шаттықтың бесігін тербетіп, маңдайы торсықтай өмірге ұл келді!
Мәкеңнің төрт қыздан кейін аңсатып, сағындырып келген перзенті қазақтың жоғын жоқтайтын, ұлттың сөзін сөйлейтін нағыз нар азаматболып өсіп-жетіледі деп сенеміз. Әрдайым қуаныштарымыз көп болсын! »- деп жазады фейсбуктегі парақшасында.