Қазақтың қара домбырасын ұстаған,күйші арда ұл -Мұрагер Сауранбаев қаңтардың жиырмасы шаңырақ көтеріп, Астананың төрінде тойын өткізді. Тойға ел ағалары мен қазақ өнерін биіктеткен азаматтардың барлығы қатысты. Батыстың даңғаза музыкасынсыз Айгүлдей күйшінің күйімен ерекшеленген бұл той - Мұрагердің анасының арманы. Марқұм Мақпал ана перзентінің қуанышында келінінің қолынан шай ішуді армандаған екен. Текті арманы бала жүректің төрінде жүргені ақиқат.
Қазақилық пен тектілік үйлескен сəт - жүрек елжіретер дүниенің болары анық. Себебі, қазақилық - қанмен бойға дарыған қалып.

Қазақ дәстүрінде келін қариясына торт емес, шай ұсынған. Сан ғасырлық ұлттық мəдениетті жүрегімен түйсінген азаматтың тойындағы бұл дəстүр - қазақилық. Қазақ күйін əлемге танытып жүрген Мұрагердің жүрегі таңдаған ару хəм өмірлік жолдасы - Əсел. Оңтүстіктің топырағынан түлеген ару болмыстың да бедері осы тұста анық аңғарылғандай. Той тізгінін Нұрлан Албанның ұстауының өзінен көп нəрсе аңғарылғандай.
Қазақы дəстүрмен той өткізген жас жұбайларға баянды бақыт тілейміз!