Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың 70-жылдық мерей тойына арналған концертінде бос орын болмады -деп хабарлайды НТК арнасының «Ревю» бағдарламасы.
Концерттің «Алтын күзім, армысың!»деп аталуында да үлкен мағына бар екен.Бұл жөнінде Алтынбек Қоразбаевтың өзі «70- жасты мен күзге теңедім,шынымды айтайын- деп ағынан жарылды композитор.Ол көктем емес, ол ақиқат.Жаз да емес,ол да ақиқат.Бар жиған жеміс –жидегіңді,тергеніңді еліңе,халқыңа шашуыңды беріп отырғаның күз емей не?»
Осыдан алты ай бұрын Төреғали бауырым маған звандады. «Көке,мына сіздің «Айхай 25»деген өлеңіңіздің атынан осы өлеңді лейтмотив қылып Республика сарайында бес концерт қойсам ба деп едім.Сіз қалай қарайсыз?-деп.
-Ой айналайын мен ешқандай жоқ деп айтпаймын.Әнді ел үшін жазамын.Еш уақыт ән сатып көргенім жоқ.Менің көмегімнен басқа ештеңем жоқ.
-Көке өзіңіз бір қосылып,аяқ жағынан бір ән айтып беретін шығарсыз.
-Жарайды. «Айхай 25» ті қосылып айтып берейін.
Содан тоғызыншы айда концерті болды.Мен шет елге кетіп бара жатыр едім,оны жаңағы Төреғали бауырымыз үшін,әдейі содан бір апталық демалысымды тоқтатып ,Төреғалидің концертіне қатынасып ең соңғы нүктесін де қойып бергем.
Оған өзімнің сый –сияпатымды жасадым.Қәдімгі қызыл ағаштан домбыра жасатып ,өзімнің қәдімгі 70-80- нен тұратын кітабымды сыйға беріп.Сахнада тұрып бір –екі ауыз сөз айттым;«Қарағым сен жұлдызсың.Аспанда қазір жұлдызың жанып тұр.Халық сені жақсы көреді.Өзің де әдемі баласың.Бірақ,бір –ақ нәрсені сенен өтінемін «жұлдыз» деген аурудан абайлаш қарағым !- дедім.Мұны залда отырған үш мың халық тыңдады.
Содан кейін барып шәй іштік.Сол жерде айттым «Қарағым бес айдан кейін «Алтын күзім армысың!» деген концертім болады.Соған қатыса аласың ба?- деп сұрадым. «Ой көке !Мені тастамаңыз.Қатысамын»-деді.Өйткені ол өз концертінде менің үш әнімді орындады.Екі дуэт,бір квартетімен Тоқтар ,Мейрамбек төртеуіміз «Айхай 25»ті орындадық.Дуэтті Мөлдір екеуі «Қоштасудың қиыны-ай» «Сен болмасаң»деген әндерді айтты.Бұл көонцертті,бес ай бұрын ескерттім.Бір ай қалғанда әкесіне ескерттім.Болды аға қатысады деді.Он бес күн қалғанда өзім жолықтым.Тура сол күні жарнама қалаға шығып кетті.Телевизорларда да 31- арнада,КТК –да,Алматы арнасында жарнамалар жүріп жатты.
-Ой ,аға қатынасамын .
-Ой ,аналайын кел,дайындыққа кел.Тірі дауыста айтылады.
-Жарайды аға,жарайды келемін- деді.Содан уақыт өтті бір он күнен кейін,концертке сегіз кү қалғанда әкесі звандайды:
-Менің баламның Қытайда шоу бизнесі бар еді.Соған он адам кетіп бара жатыр,аға ана концертіңізге кешігіп қала ма ?-деп қорқып отырмын- дейді.
Менің шашым өзі сары,ағарып кете жаздады.Мәселе Төреғалидің концертке келмей қалғанында тұрған жоқ.Халыққа уәде беріліп қойғанан кейін,ұят болды.Жарнамалар шығып кетті- деді «Qazaqstan» арнасы"Таңшолпан"бағдарламасына берген сұхбатында өкпесін айтып Алтынбек Қоразбаев.