Танымал әнші Мәскеуден емделіп келгенде күйеуі оған басқа әйелді жүкті қылып қойғанын және соған үйленгісі келетінін айтыпты.
«Бір күні Мәскеуден келдім. Самат маған "сенің ақылың бар ғой" деп сөзді ар жақтан бастады. Мен «иә, ақылдымын» деп отырсам. «Оның аяғы ауыр» деді. Мен бірден «Онда үйлену керек» дедім. «Бала өмірге келеді» деген сөз менің жүрегімді қозғады. Менде еш реніш болмады.
Еркектерді әйелдерден биік қоятын тәрбиеде өскен адаммын ғой. Мен еркек не істесе, де соныкі дұрыс деген ұстанымдамын. Тұрмысқа шығып бара жатқанда анам маған «Құдайыңды білесің ғой, қазір екінші құдайың - күйеуің», — деді. Мен күйеуімнен алатын жарының кім екенін сұраған емеспін»,-деп сөзін аяқтады әнші.
«Мүмкін сіз оны жақсы көрмеген шығарсыз» деген сұраққа ол керісінше, жары Саматты жақсы көріп, ол үшін қыста құлпынай өсіргенін айтты.
"Оның іс-әрекетін дұрыс деп ойлаған болармын. Үйлену керек дегенім, біріншіден балалығым, екіншіден өз-өзіме деген сенімсіздігім деп ойлаймын.
Бір әкеден қазір үш бала бар. Самат өмірден ерте кетті. Менің қатты ренжігенім: «Сені мен сияқты бағаламады-ау» дедім. Бұл өмірде біреудің біреуге ғашық болуы, үйленуі керемет нәрсе. Ол үшін шаш ағартып, бас ауыртуға болмайды. Әрине, кешірімді адамдар өте сирек. Мен бағалауды, бағалануды үйрендім», – деді ол.
Айта кетсек, Тамара Асардың жары Самат өмірден 30 жасында өткен. Бүгінде әншінің ер жетіп қалған Қамбар есімді ұлы бар.
Дереккөз: 365info.kz