Бұл торт Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады. Айтулы мерекеде отбасыңызбен дастархан басында жиналып, осы тортпен шәй ішіп отырғанға не жетсін?!
Құрамы
Бисквит:
Жұмыртқа — 8 дана;
Қант — 2 стақан;
Какао — 1 стақан;
Ұн — 2,5 стақан;
Қамыр қопсытқыш — 2 дана;
Ванилин — 2 дана;
Кремі:
Сары май немесе кремге арналған крем-суфле маргарині — 400 гр;
Жұмыртқа — 4 дана;
Қант — 16 ас қасық;
Сүт — 16 ас қасық;
Ванилин.
Тортымыз тура Шахмат тортындай ретпен дайындалады. Тек біраз өзгешелігі бар.
Алдымен ақ түсті бисквитті дайындап алуымыз қажет. Ол үшін 4 жұмыртқаның ақуызын миксермен араластырамыз (миксер таза, құрғақ болуы тиіс),