Қазақстандықтар сәуірде тоғыз күн демалады. Ал мамырда 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. 

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. eGov порталында жарияланған мереке күндерінің тізбесіне сәйкес, 30 сәуір 28 сәуірге (сенбіге) жұмыс күні болып ауыстырылып, қазақстандықтар 30 сәуір мен 1 мамырда демалады.

Сонымен қатар, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9-мамыр – Жеңіс  күні мерекесіне орай, 6-9 мамыр аралығында демалыс болады. 8 мамырдағы жұмыс күні 5 мамырға ауыстырылады.