Ашудас ақсары түсті, дəмі қышқыл, уытсыз. Қақырықты жібітіп, құрт өлтіретін рөлі бар. 

 Жинап – өңдеу: шикі ашудас пен күйдірілген ашудастың бəрін де істетуге болады. Шикі ашудасты қазанға салып қыздырғанда су құрамы ұшып кеткен соң көпіршіктеніп қалады. Міне бұл «күйдірілген ашудас» деп аталады.
 

Емдік қасиетімен қолдану əдісі: 

Қолданылумөлшері: 9 гр. 

 Жөтелді басып, қақырықтыжібітеді: ашудас, сабын ағашыжемісі, қызыл мияның тамырының əр қайсынан 3гр – нан суға қайнатып нілін ішеді. 

 Жүрек айнып, құсқанға: ашудастан аз мөлшерде қайнатып, демін алдырып суын ішеді. 

 Мұрын қанағанда: ашудастан аздап талқандап, суға салып ерітіп мұрынға азырақ тамызса, қан тоқтайды. 

 Тіс қақсағанға: ашудастан азырақ қосып сірке суына, балға араластырып қыздырып, тіс қақсап тұрғанда ауызды шайқаса. тез басады. 

 Сулы бөрткенге: күйдірілген ашудас, күйдірілген гипстің əр қайсынан 20 гр-нан, релгардан 7 гр, осы үшеуін талқандап, 200 гр вазелинге араластырып бөрткенге жағады. 

 Талмаға: ашудас 60 гр, шай жапырағынан 120гр- ды қосып талқандап, күніне 2 рет, бір ретте 60гр – нан ішеді. 

 Сыртқыжарақаттан қанауға: шикі ашудастан 45 гр, күйдірілген ашудастан 45 гр, қарағай шайырынан 210 гр- ды талқандап. қанаған жерге басады. 

 Балалардың аузы уылғанда: күйдірілген ашудастан аз мөлшерде уылған жерге сепсе ,балалардың аузы уылғаны  жазылады. 
 Іріңге: күйдірілген ашудастан 15 гр, сары ағаштан 6 гр, қасбояу жапырағынан 3 гр қосып талқандап, өсімдік майына араластырып іріңді жерге жағады. 

 Шуашқа: ашудас пен кептірілген жем жемілден азырақ қайнатып, жылы суымен аяқты жуады.