Жасыл түсті картопты жеуге болмайды.

Картоптың жасыл түсі оның дұрыс піскенінің көрсеткіші емес. Картоп неге жасыл түсті болады? Картоптың түйнектерін дұрыс сақтамай, оған күн сәулесі түскен кезде онда жасыл түс пайда болады. Өйткені картоптың қабығының астында барлық өсімдіктерге тән ерекше пигмент - хлорофилл бар. Соның арқасында өсімдіктердің жапырағы мен сабағы жасыл түске боялады.  
Ал күн сәулесі картоптың қабығының астына еніп, аталмыш заттегімен байланысса, реакция жүріп, көкөніс түсін өзгертеді. Картоп түйнектері жер астында пісе бастағанда ол жасыл түсті болмайды. Өйткені күн сәулесінен қорғалған. Егер жасыл түсті картоптың дәмін татсаңыз, ол қатты және ащы болады. 
Сонымен бірге жасыл картоптың түйнегі улы! 
Жасыл картопта қауіпті соланин деген улы зат бар. Кәдімгі картопта соланин мөлшері аз болады және оның адам денсаулығына қаупі жоқ. Ал жасыл картопта соланин өте көп. Егер жасыл картопты көп мөлшерде жесеңіз, онда денсаулығыңызға зиян әкелесіз. Көп мөлшерде соланині бар жасыл картопты жегенде адам денсаулығына үлкен зиян келеді. Улы зат адамның орталық жүйке жүйесіне қсым түсіреді. Және қандағы эритроциттерді бұзады. Бүйректің, асқазан-ішек жолдарының жұмысын бұзады.  
 
Егер жасыл картопты пісіріп жегеннен кейін жүрегің айнып, ішің өтіп, аузыңа қышқыл дәм келіп, тамағың ашыса, онда жасыл картоптан уландым дей бер. Жүрек соғысы нашарлап, қан қысымың төмендесе, ол қатты уланғанның белгісі. 
 
Ал кейбір жағдайда тырыспа ұтап, тіпті комаға түсіп кетуі де мүмкін. Бұл белгілер 500 граммнан артық мөлшерде жасыл картоп жегенде пайда болады.  Жасыл картоптан уланып қалған адам міндетті түрде жедел жәрдем шақыруы тиіс. Оған дейін асқазанды тазалап, құсып, клима жасаған дұрыс. Сосын абсорбент дәрілер ішу қажет.