Жұлдыздарға құлақ түрсек. Осы апта сізді не күтіп тұр? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 08-14 қазанға арналған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Тоқтылар
мазаңызды алған байланыстардан құтыласыз. Өтірік айтып та, ақталудың да қажеті болмай қалады. Сонымен қатар қызметте жаңа көкжиектер ашылады. Жаңа бағыт, жаңа серіктестер болуы мүмкін. Бұл аптада жаңа адамдармен танысып, пайдалы әрекеттер жасайсыз. Маңызды келіссөз күтілуде. Сізді қуанарлық уәде беріледі. Бірақ оны күту уақыты беогісіз. Достарыңыздың бастамасымен жоспарланбаған кездесудер болады. Жақын досыңызбен бір жерге барасыз. Отырыс болады. Жеке өмірде бәлендей өзгеріс жоқ. Басы бос тоқтылар үлкен сезімге бой алдырады.
Торпақтар
өзінің байқағыштық қасиетімен мақтанады. Сіздің назарыңыздан еш нәрсе тыс қалмайды. Басқаға қарағанда молынан ақпарат аласыз. Өзгенің назарында көп боласыз. Ол киім үлгісімен де, іс-әрекетімен де байланыстарыңызбен де ерекшеленеді. Жұлдыздар ескертеді: көре алмайтын, қызғаншақ адамдардан аулақ болыңыз. Жұмысыңызда, кәсіби байланыс қатынастарда шиеленіс болуы мүмкін. Өзгеге сенгеніңізбен, көп сөзді шынайы қабылдамаңыз. Жасы кіші туыцстарыңызбен тығыз қатынас орнайды. Үй жануарын асырап қалуыңыз мүмкін. Қаржылық жағы аздап мазалайды. Дегенмен бұл аптада шығын көп. Қадірменді адамыңызға қымбат сыйлық аласыз. Сонымен қатар жақын адамыңыздан ажырасасыз.
Егіздер
маңызды іс-шараға қатысады. Беймаза кездесулер, мәнсіз уәделер, қысқа жолдар күтілуде. Бұл аптада мазаңыз кетіп, шаршап-шалдығасыз. Өзіңізді жалғыз сезінесіз. Бұрынғы көрші, әріптес, досыңыз назын айтуы мүмкін. Өз қателігіңізді мойындауға тура келеді. Өзгенің дәлелімен келісуге де тура келеді. Жұмыста біршама жетістікке қол жеткізесіз. Оған бұрыннан тырысып келесіз. Материалдық сыйақы күтілуде. Көптеген егіздер үй шаруасымен айналысады. Тұрмыстық күйбің тіршілік көп уақытыңызды алады. Киім алу, зат сатып алу қажеттілігі туады. Сонымен қатар жақын адамыңыз сізге жақсы тарту жасайды. Ойланатын уақыт жетті...
Шаяндардың
мүлдем танымайтын адамға көңілі ауады. Сол адамды қорғайтын боласыз. Жұрт түсінге бермейтін ұйытқу сезімі тән сізге. Жағдайды толық түсінбегендіктен, дес бермейтін мінезіңізден опа жеп қалуыңыз мүмкін. Сонымен қатар байланыс орнатып, тіпті өзіңізді пайдаланып жүрген адаммен де сенімділік орнатуға тырысасыз. Жұмыста бәріне үлгеріп, бақылауда ұстайсыз. Тұрмыста біраз зат сатып алу күтілуде. Қонақ шақырасыз. Есте қаларлық отырыстар болып, кездесу күтілуде. Қаржы мәселесі тұрақталып, көтеріледі. Жеке өмірде сенімділік пен тұрақтылық бар.
Арыстандар
сырттан берілген бұйрыққа көнбейді. Сіздің бірбеткейлігіңіз жұмыста және бейтаныс адамдармен жанжал тудыруы мүмкін. Денсаулыққа қатысты біраз мәселе туындайды. Ұйқыңыз бөлініп, салқын тиіп ауырып қалмаңыз. Күтініңіз. Ересек туысыңызбен қарым-қатныс мазаңызды алады. Материалдық тұрғыдан шиеленісті жағдай туады. Бұл жолы ұстанымыңызды өзгертіп, сол адамға жол бергеніңіз жөн. Жұмыс орнында аздап жөндей болады. Жихаз ауыстырасыз. Асығып-үсігіп істеген жұмысыңыз нәтиже бермейді. Бекер жанталасыппын деген ойда боласыз. Бұл сәнді зат пен аксессуарға қатысы бар қарбалас. Жеке өмірде нақты сұрақтан тайқып тұрсасыз. Сапарға шықсаңыз, ол сәтімен өтеді.
Бикештер
бейтаныс адамдардың ұсыныстарын ысырып тастап, жақын туыстары мен өзінің жеке жұмыстарына ден қояды. Бұл аптада бұрын қызықтыратын жылтылдақ дүниеден бас тартасыз. Өз ұстанымыңызда мығым боласыз бұл аптада. Көптеген қарбалас тар мен кездесулерде өзіңізге жақын адаммен әңгімелесуге ұмтыласыз. Дегенмен тағдыр сынында жүргеніңізді ұмытпаңыз. Көптеген Бикештер бұрын жоспарлаған келісім бойынша сапарға шығуға асығады.
Кейбірі білімін жетілдіреді. Бұл аптада танысқан адамыңыз тағдырыңызда ерекше орын алатын болады. Жеке өмірде өзгерістер күтілуде.
Таразылар
өмірі беймаза күйде жүргенін түсінеді. Сізге көп жауапкершілік артылуда. Маңызды шешім қабылдауға тура келеді. Ол шешім көп жақыныңызға әсер етеді. Кәсіби тәжірибеңізді іс жүзінде пайдаға асыратын уақыт жетті. Ол керегі жоқ сауалдардан арылып, өз тұрақтылығыңызды дәлелдеуге септігін тигізеді. Құпия ақпарат аласыз. Құнды ақпарды өз пайдаңызға жүзеге асырасыз. Материалдық жағдайды жақсарту үшін біраз күш жұмсауға тура келеді. Бірақ бар нәрсені жоғалтып алмаңыз. Ықыласыңыз ауған адамдарға уәде бермеңіз. Ол қауіпті. Қысқа сапарлар күтілуде. Алыс жақтан туысыңыз келуі мүмкін. Жеке өмірде тартымдысыз. Бірақ жүрегіңіздегі жан өзгеге ықылас қоюға мүмкіндік бермейді.
Сарышаяндар
бұл аптада жомарттығы мен аңғырттығынан арылады. Бұны айналдаңыздағы адамдардың ешбірі байқамайды. Бұл мерзімде ешкімнен түңіліп кетпес үшін өзгенің әс-әрекетерін сынақтан өткізесіз. Сіздің бұл әдісіңіз расында да дұрыс болып шығады. Кәсіби салада қателік жібермейсіз, жетістіктер күтілуде. Тіпті қызметіңіз жоғарылап, кейбір Сарышаянның жалақысы да көтерілуі ықтимал. Қызықты іс-шараға қатысып, сыйлық, марапат алуыңыз мүмкін. Табиғат аясында серуендеп, достарыңызға қонаққа барған сізге жағымды әсер қалдырады. Туыстарыңызбен, әсіресе өзіңізден кіші туысыңызбен қарым-қатынас нығаяды. Сәтті сапар күтілуде. Ересек Сарышаяндар мекен-жайын ауыстырып, көшуі мүмкін. Ал жеке өмірде ешқандай күтпеген тосын сый болмайды.
Мергендер
талқылаудан қашуға әрекет жасайды. Өз мүддеңізді көздейтін боласыз. Бірақ сізді әрдайым бейтаныс адамдардың қатынасына, жалжал жағдайларға итермелейді. Сіздің беделіңізді пайдаланып, қолдау сұрайтындар болады. Өзгенің көңілін қалдырмай, бірақ шешендік қасиетіңізді, әдептілік пен икемділігіңізді пайдаланып, әр нәрсені өз пайдаңызға шешуге кірісіңіз. Маңызды іс-шара өткізу туралы келіссөздер болады. Бұл жағдайға шыншылдық пен бар пәрменіңізді салуға талап қойылады.
Кейбірі материалдық тұрмысын ойлап мазасы кетеді. Жоспарланбаған сатып алулар болады. Жақын адамыңызға қолғабыс жасайсыз. Жеке өмірде бәрі орнықты. Бірақ ол сізді қанағаттандырмайды...
Тауешкілер
біркелкі, қызықсыз өмірінен жалығады. Той-салтанат қажет! Тіпті болмаса көңіл көтеретін, жағымды эмоция жетіспейтіндей күй кешесіз. Көптеген тауешкілердің мақсаты жүзеге асады. Бұрынғы досыңыз сізбен кездесу іздейді. Әдемі отырыс, сыйлықтар жоқ емес. Досыңыз немесе әріптесіңіздің тойына барасыз. Шығындар көп. Сонымен қатар ақша да аласыз. Тұрмыстық мәселелерді шешуге көп уақыт жұмсалады. Кейбіреуі өзіне таңсық дүниеге еніп, білімін жетілдіреді. Сумен байланысты демалыс та күтілуде. Ер адам туысыңыздан жақсы хабар аласыз. Талқылайтын да, қуанатын да сәттер көп болмақ. Жеке өмірде айтылмаған нәрсе бар, құпия да жоқ емес. Кейде қызғаныштың салдарынан үлкен жанжал тууы мүмкін. Басы бос тауешкілер сабырлы қалпынан таймайды.
Суқұйғыштар
өзінің сенетін дүниесін қызғыштай қоритын болады. Сіздің қазірден бастап бақылауға алатын өзгерістер болуы мүмкін. Жоспар өзгереді, сіздің іс-әрекетіңіз келешекке серпін береді. Қолға алған нәрсеңізге жағдай қалай да болмасын жасалып тұратын болады. Біреумен бірге одақтас болып істеген суқұйғыштарды сәттілік күтіп тұр. Бұл артық, қажетсіз нәрседен арылатын мерзім. Көбісі орнын ауыстырып, көшеді. Қалай дегенмен де өмір салтыңызда өзгерістер болады. Жақында ғана өкінген нәрсеңізге қол жеткізесіз. Бірақ айнып қалуыңыз да ықтимал. Өзіңіз жалғыз отырып пайымдаңыз. Қабырғамен ақылдасу қажеттігі туады. Өзгенің пікіріне құлақ аспаңыз.
Материалдық аспект сату-сатып алумен байланысты. Бұл – басты нәрсе. Жеке өмірде тұрақтылық бар.
Балықтар
жалғыз қалғысы келмей жанталасады. Қолдауға, қолпаштауға зәру боласыз. Сізге адамдармен араласып, ақпарат алмасып, өзге адамның өміріне араласу қажет. Біліктілік жағынан бұны сіз тез іске асырасыз. Біреуді жалықтыратын дүние, сізге өте қызықты көрінеді. Сізді іскерлік кездесулерге шақырады.
Болашақ жобаларды талқылайсыз. Ал достарыңызбен қатынас қиынырақ. Өйткені қазір айналаңызда сіздің қолыңыздан келмейтін жағдайлар орын алады. Біреулер сізбен қатынасын азайтады, біреулер саяхатқа кетеді, біреуі өз проблемасымен жүреді. Қаржы жағында баяу болса да көтеріліс бар. Қарызыңыз қайтарылады. Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Ал жеке өмірде күткеніңіз тағы да жалғасын табады.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.