Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш, барий микроэлементтері бар.
 
Алмадағы темір қан айналым жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ онда жасұнықтың өте көп бөлігі бар. Алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің түсін жақсартып, жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады.
Алдыңыздағы тізімді көріп, ешқандай нашар қырын байқамағаныңызды айтарсыз. Асықпаңыз, диетологтар алманың құрамындағы жасұнықтың көп болуы колит (тоқішектің талаурап, қабынып ауруы) ауруының пайда болуына әкеліп соқтыруы және асқазан-ішек жолдарының жұмысына зиян тигізуі әбден мүмкін екендігін айтады. Екіншіден, құрамындағы жеміс қышқылының шамадан тыс көптігі асқазандағы жараны ұлғайтып жіберу қаупі бар. Үшіншіден, алманың қышқылы тістің эмалына қатты әсер етеді, яғни оны жұқартып, тісті сезімтал етіп шығарады. Алма жапырағынан демделген шайды көп ішпегеніңіз абзал, мұның қант диабеті ауруына шалдықтыратындығы дәлелденген.