Бүгінде халық медицинасына жүгінетіндердің қатары көбейді.

Шынында, ағзаны түрлі химиялық препараттмен улағанша, таза табиғи өнім қолданған дұрыс. Бірақ, халық медицинасы дәстүрлі медицинаны алмастыра алады деуден аулақпыз. Бірақ денсаулықты жақсартып, көп аурулардың алдын алатыны жасырын емес. Соның бірнешеуімен бөлісуді жөн көріп отырмыз.

Асқазан-ішек жолының жұмысын жақсарту үшін тамақтан біршама уақыт бұрын 30 дана мейіз жеп алыңыз.


Ағзаны нығайту үшін күн сайын таңғы астан бұрын ашқарынға бір шай қасық зәйтүн майы, бал және лимон шырыны аралас жылы су ішіңіз.

Мойын остеохондрозын емдеу үшін тазартылмаған өсімдік майы (иісі бар) мен ұсақ тұз (немесе теңіз тұзы) қажет деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Емдеу курсына түгел жететін мөлшер мынадай: 10 ас қасық тұзға 20 ас қасық май қосып, біркелкі болғанша араластырамыз да, бірнеше күнге қалдырамыз. Күн сайын осы қоспамен ауыратын мойын омыртқаларын сылап, жақсылап уқалау керек. Ем алдында 2-3 минут массаж жасайды. 

Күн сайын тағы 2-3 минуттан қосып, массажды 20 минутқа дейін жеткіземіз. Массаж біткеннен кейін мойыныңызды дымқыл, жылы шүберекпен сүрткен дұрыс. 8-10 күннен кейін мойын омыртқасының ауруы жайлы мүлде ұмытасыз, сонымен қоса көру қабілетінің де дұрысталғанын байқайсыз.

Тері мұндай тұзды массаждан кейін аздап қабыршақтанады. Бірақ курс аяқталғаннан соң тез қалпына келеді. Емдеу процессі кезінде зат алмасу жақсарып, шлактардан арыласыз, сондықтан кейде әлсіз, ұйқышыл болып кетуіңіз мүмкін. Бірақ бұл жанама әсері бар деген сөз емес, әр адамға әр қалай әсер етеді.

Сары ауру болғанда 20 грамм ақжелкекке (хрен) 1 стакан қайнаған су құйып, 30 минут тұндырып қоямыз. Сүзіп алып, зәр айдайтын құрал ретінде қабылдаймыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондай-ақ ауруды толық жеңгенге дейін күнде таңертең орамжапырақ шырынын ішу қажет.

Артық салмақтан арылу үшін күн сайын 3-4 рет тамақтан жарты сағат бұрын орамжапырақ шырынын ішкен пайдалы. Жарты стаканнан бастап, біртіндеп мөлшерін ұлғайтып, 1 стаканға дейін жеткізіңіз. Емдеу курсы – 3-4 апта.

Асқазан жарасында түйежапырақ (лопух) көмектеседі. 1 ас қасық кептірілген, ұсақталған түйежапырақ тамырына 2 стакан қайнаған су құйыңыз. Екі сағат тұндырып, сүзіп алып, күніне 3-4 рет тамақтан бұрын жарты стаканнан ыстық күйінде ішесіз.

Аяқ ісінуінде қайың бүрлері немесе жапырақтарынан тұнба әзірлеңіз. 1 ас қасық қайың бүріне немесе 2 ас қасық жапырағына 0,5 литр қайнаған су құйып, бір сағат тұндырады. Сүзіп, күн сайын 4 мезгіл тамақтан бұрын жарты стаканнан ішеді.

Аяқ пен қолдың ұйып қалуына қарсы камфора майын қолдануға болады. Камфора майына эвкалипт эфир майын қосып, жатар алдын аяқ-қолға жағып шықса, 3 реттен кейін-ақ нәтижесін байқайсыз.
Варикоз. Жолжелкеннің балғын жапырақтарын жинап, жуып, ұсақтап турап, сөлін бөліп алады. Оны дәл сол мөлшердегі балмен араластырып, 20 минут баяу отта қайнатады. Күніне 3 мезгіл 20 граммнан қабылдау керек.

Ақнұр АСЫЛБЕК.

«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.