Ғалымдар қара бұрыштан COVID-19 белсенділігін басатын зат тапты.

Үнді технологиялық институтының физика департаментінің мамандары коронавируспен 30 дәмдеуіштің өзара әрекеттесуін зерттеді. Зерттеуде мамандар компьютерде вирустың көбеюіне және адам ағзасына енуіне жауап беретін дәмдеуіш молекуласының (пиперин) және коронавирустың екі бөлігінің өзара әрекеттесуін модельдеді.
 
 Ғалымдардың пікірінше, қара бұрыштағы пиперин өзін белсенді түрде көрсетеді. Бұрыштың әртүрлі түрлеріндегі пиперин мөлшері шығу тегіне байланысты екенді атап өтілді. Осылайша, пиперин Шри-Ланкадан шығатын дәмдеуіштің 15 пайызын, ал Вьетнам, Үндістан және Малайзиядан дәмдеуіштерде 2-7 пайызды құрайды.
 
Сондай-ақ, пиперин өте тұрақсыз және тотығу процестері кезінде (мысалы, оттегімен байланыс кезінде) қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, сондықтан ұнтақталған бұрышта ол жеткіліксіз болуы мүмкін, деп атап өтті ғалымдар.
 
Дереккөз: Stan.kz