Кейбір адам қоңырау шалғаннан гөрі хат алмасқанды жөн көрсе, енді бірі телефонмен сағаттап сөйлесіп, өзіне қызық тақырыпты талқылап жатады. Мамандар бұл жағдай екінші топтағы адамдардың денсаулығына кері әсер ететінін айтады.

Сонымен, «Неліктен телефонмен ұзақ сөйлесуге болмайды?» деген сұраққа жауап іздейік.

Қытайдың ұлттық бүйрек ауруларын клиникалық зерттеу орталығы телефондарды пайдалану мен гипертония арасындағы байланысты анықтайтын эксперимент жүргізді. Ол үшін британдық биобанктен мәліметтер алынған. Онда 37 мен 73 жас аралығындағы 200 мыңнан астам адам туралы ақпарат болды.

Арнайы әзірленген бағдарлама телефондарды пайдалану жиілігі туралы деректерді жинаған. Соның ішінде бір апта ішіндегі қоңыраудың саны есептелді. Сондай-ақ жас, жыныс, дене салмағының индексі, білім, түрлі аурулардың болуы және т.б. сияқты бірқатар фактор ескерілген.

Зерттеу 12 жылға созылды. Осы уақыт ішінде 14 мың қатысушыға гипертония диагнозы қойылған. Осылайша, аптасына 30 минуттан артық телефонмен сөйлескен адамдарда гипертонияның даму қаупі әңгімелесу ұзақтығы аз адамдарға қарағанда 12% жоғары екені белгілі болды.

Аптасына 1-3 сағат сөйлескен адамдарда қан қысымы проблемаларының пайда болу қаупі жоғары болған. Ал отбасы мүшелерінің бірі мұндай диагнозбен ауырған адамдардың гипертониямен ауыру мүмкіндігі одан да жоғары болған.

Айта кету керек, гипертония – инфаркт пен инсульттің негізгі қауіпті факторы. Өкінішке қарай, бұл әлемдегі мезгілсіз өлімнің негізгі себебі болып саналады.

Turkystan.kz