Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі Мassaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қыркүйек айында мына күндері магниттік дауылдар күтіледі:
* 6 қыркүйек - алғашқы күшті магниттік дауыл;
* 7-10 қыркүйек - үш күндік магниттік дауыл;
* 26-28 қыркүйек - күшті магниттік дауыл;
* 30 қыркүйек - соңғы магниттік дауыл.
Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?
Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:
- таза ауада жиі серуендеңіз;
- бұл күндері алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
- көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
- қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
- су режимін сақтаңыз.