Дұрыс тамақтану сіздің ағзаңыздағы барлық зиянды заттардан уақытылы арылуға көмектеседі. Өйткені ағзаны тазартуға арналған танымал детокс шырындары мен диеталық қоспалар іс жүзінде көмектеспейді.
Адамның денсаулығында пайда болған токсиндерден сәтті арылуға мүмкіндік беретін табиғи тазарту жүйесі бар. Ол үшін күнде жеткілікті мөлшерде су ішіп, мәзірді әртараптандыру қажет.
Дәрігер-терапевт Юлия Лагутенкова табиғи детоксикация үшін диетаға қандай жемістер мен көкөністерді тұтыну керегін айтты, - деп хабарлайды el24.kz тіілшісі Massaget.kz ке сілтеме жасап.
Алма
Қол жетімді жемістердің бірі ағзадағы барлық артық заттардан арылуға көмектеседі. Шындығында, алмада пектин бар, ол ауыр қосылыстарды адам денесінен шығаруды тездетеді. Сонымен қатар, алма ішек паразиттерінен арылуға, қуықтың қабынуын және кейбір тері ауруларын емдеуде пайдалы.
Сондай-ақ, алма шырыны жедел респираторлық-вирустық инфекция мен тұмаудан қалпына келтіруге көмектеседі.
Қызылша
Адам ағзасындағы детоксикацияға жауап беретін негізгі орган - бауыр. Ал қызылша олардың табиғи түрде қабығын тазартуға көмектеседі. Қызылшада алмадағы секілді пектиннің үлкен дозасы бар. Дәрігерлер қызылшаны бұқтырып, қайнатып әртүрлі дайындауға кеңес береді.
Балдыркөк
Бұл өнім детоксикация кезінде аса қажет өнімдердің бірі. Ол қанды тазартады, зәр қышқылының буындарға түсуіне жол бермейді. Сонымен қатар балдыркөк диуретик (зәр шығаруды жоғарылату) ретінде жұмыс істейді.
Пияз
Ішекті тазартуға көмектеседі және тері арқылы токсиндерді кетіреді.
Қырыққабат
Бұл өнімде тоқ ішектің қызметін жақсартатын пайдалы сүт қышқылы бар. Сонымен қатар, қырыққабатта токсиндердің әсерімен күресуге көмектесетін сульфорафан қосылысы кездеседі.
Сарымсақ
Сарымсақтың құрамында аллицин көп, ол токсиндерді кетіруге көмектеседі және ақ қан жасушаларына пайда әкеледі. Бұдан бөлек сарымсақ тыныс алу жүйесі мен қанды тазартады.
Артишок (Жералмұрт)
Бұл өнімді сынап көрудің көптеген себептері бар. Себебі антиоксиданттар мен пайдалы диеталық талшықтарға бай, бауырды сауықтыруға көмектесетін және өттің бөлінуін ынталандыратын қасиетке ие.
Лимон
Лимон
Аты аңызға айналған "лимон қосылған су" барлық аурулардан құтқармайды. Бірақ бұл сусын аскорбин қышқылының арқасында бүйрек тастарының пайда болуын болдырмауға және тамырларды тазартуға көмектеседі.
Зімбір (Имбир)
Зімбір (Имбир)
Зімбір шайы бізді терлетеді. Сол себепті токсиндерді тері арқылы шығаруға көмектеседі. Сондай-ақ, зімбір суыққа қарсы жақсы көмектеседі.
Сәбіз
Сәбіз
Үгітілген сәбіз бен сәбіз шырыны денеден зиянды заттарды кетіруге және метаболизмді қалыпқа келтіруге көмектеседі.