Болған оқиға ізімен
Ғани Әлихан
Бір үйдің бағы бір адамға қонады деген рас екен , бәйбіше қайтқалы біздің бизнестің де берекесі кете бастады . Оны мен сақтап қалуға қанша тырыссам да алға баспай қатты қиналдым . Маған көмектесетін байсымақтың жүрісі анау . Өзін өзі кері тартып кереғар кертартпа болып жүр . Ол аздай үлкен қыздың шетелден келгені жығылғанға жұдырық болды . Әй - шәй жоқ , қаланың қақ ортасындағы дәріханамен , оң түстікте орналасқан тағы бір дәріхананы сатып жіберді . Оған менің қарсы тұруға қауқарым жетпеді . Өйткені сол екі бірдей дәріхана сонікі , оған ешкімнің таласы болмауы керек екен .
Ол олма бұл қыз мына әбіржіп жүрген әкесін көргенде менен сырт айналып шыға келді . Тіпті осының бәріне мені кінәлап әңгіме айтты . Өзі қазақшасын сөйлей алмай отырып қазақтың қатыны ондай болу керек, мұндай болуы керек деп бұл қаншық бәйбішеденде асып түсті . Қысқасы осыдан соң көксегенімнің бәрі қиялда қалып мен арманыма жете алмайтын жаққа шықтым . Енді менің басыма қара бұлт үйіріле бастады . Өйткені кіші қыздың да үлесі бар екен . Ол мына біз тұрып жатқан үлкен үй дейді . Сыйға берілген қағазы бар дейді . Демек бұл үйден де болашақта айрылып қалуым мүмкін . Мұны ойлағанда тіпті де есім шықты . Енді маған тез қозғалып қамдану керек . Әйтпесе тартысқа түскелі тұрған мұнша дүниеден құр қаларым анық . Ол үшін мен не істеуім керек? Ол үшін соңғы он – он бес күнде қараусыз қалған мына еркекке қарауым керек . Жетектеп жүрсем де бетін бері қайтаруым керек . Ал Асылбек жайлы мүлдем ұмытуым керек, тым болмаса ұмыта тұруым керек . Сонда ғана мына үлестен ұпай алатындай мүмкіндігім бар . Әйтпесе бәрі бекер , соңында далада қалып ел жұртқа күлкі болғаннан басқа түк таппаймын .Онсыз да бірі шалға тиіпті десе енді бірі тоқал болыпты деп ауылымның шулағаны бар . Қысқасы қол қусырып отыра бергеннен пайда жоқ . Сол үшінде Сәкеңді іздей бастадым . Ол төменде жалғыз жүрген болуы керек . Ал үлкен қыздың қалаға кеткелі қашан , ол келсе де түн ауа келеді . Тіпті келмей қалуы да мүмкін . Негізі бұл қыз келсем жаңа жылға келермін деп кеткен еді . Аяқ астынан қайтып келді . Сөйтсем шетелден үй алмақшы екен , соған ақша керек мыс . Ал мына төменгі қабатта тықырлап жүрген бұл Сәкең . Өйткені үйде екеуміз ғана . Дауыстап шақыра бастадым .
- Әу Сабирашжан !- дейді . Дауысынан ақ сезіп тұрмын , ішіп алғаны айдан анық . Ал ішкен адаммен менің сөзім жараспайтыны бар . Өйткені сұрағаныңа мардымды жауап бере алмайды . Бірақ енді мұның сау күнін күтіп жүретін уақытым жоқ . Сол үшін де шақыра түстім .
- Сәке келсіңізші , екеуміз отырып кешкі ас ішейік . Индира келмейтін сияқты , келсе де кеш келер - дедім . Сөйтсем әндетіп алған Сәкең сатыдан көтеріліп келеді . Көңіл күйі тіпті жақсы .Төрт бұрышы құбыла .
- Әу Сабирашжан , әу Сәбираш !- дейді тілі күрметіліп . Сәбирашкам менің, мен бір саған қызық айтайын ба ?-дейді . Міне қызық . Әшейінде түк сөйлемейтін сорлы бүгін маған әңгіме айтпақшы ма ?Сонда не айтқысы келді екен? Тыңдап көрейін жұғымды бірдеңе айтса неге тыңдамасқа ?
- Ас бөлмеге барайық Сәке . Сол жерде айтарсыз , жүріңіз -дедім . Ішіп алған сорлы қалтырап алып алдыма түсе берді . Содан ас бөлмедегі үстелге кеп жайғастық . Сонда ғана анық көрдім . Қызы айтқандай бар екен - ау , біздің Сәкең шыныменде қатты әбіржіп жүдеп кетіпті .
- Арақ жақпайды маған Сәбираш көмектесші , құтқаршы мені- дейді . Ойбуй мынаның айтқан қызығының түрін қара . Аузына арақ құйдым ба мұның ?Әлде сатып әпердім бе ? Не айтасың мұндай да ?
- Өзіңізге байланысты ғой , ішпеймін деген адам ішпей жүре алады . Қашанғы мен сізді сүйрелеп жүремін , менің сізге шамам келмейді .Өйткені әне - міне дегенше құрсағымды қолыма алып балалы боламын- дедім . Құрсағымды айтсам бұл сорлының құрақ ұшатынын білемін безілдей жөнелді . Жаным , күнім , айым деп айналып толғанып тастады . Қарнымды сипалап баласымен сөйлесіп мәз болды . Қысқасы мені құшақтап шыр айналды . Ал мен болсам өз - өзімді кейінге тарта бердім . Өйткені мөңкіген арақ иісі тамағымды қыршып өтті . Шынымды айтсам өте жиіркенішті еді . Бірақ мен бұрынғыдай өз бөлмеме тұрып кетпедім . Себебі мына адам маған аса қажет еді . Қысқасы қолындағы құжаттарын алмай маған тыным жоқ екенін түсінгенім қашан . Сол үшін де сөзге тарта түсіп , қулыққа бастым .
- Осы баланы аман сау құшағыма алсам мен бұл үйден кетемін Сәке -дедім . Көзі аларып селт ете қалған сорлы :
- Не дейсің Сабираш , о не дегенің , кетеміні нес ?-дейді кекештеніп .
- Не дегенімді есіттіңіз ғой , мен үйіме кетемін - дедім бозарып . Онан соң ойымдағынының бәрін жіпке тізіп отырып айта бастадым .
- Кетпегенде қайтемін ?-дедім . Сіздің жүрісіңіз мынау . Ал бизнестің түрі анау , бұрынғыдай сауда жоқ . Шетелде тұрады деп мақтаған қызыңның түрі мынау . Келді де әй - шәйға қараған жоқ сатып жіберіп ақшаны қалтасына басты . Ертең екінші қызың келеді . Оның да атында біраз нәрсе бар шығар . Олда солай жасаса сонда мен қайтпекпін , мына баланы қалай бағамын . Сол үшін осындай шешім қабылдадым , қысқасы ауылға кетемін -дедім . Міне енді ол маған жалпылдай бастады .
- Олай болмайды ғой Сәбираш -дейді . Іле шала жауап қайтардым .
- Болғанда қандай болады , тіпті қатып кетеді , көресіз әлі -дедім . Басы салбырап кетті . Тілін жұтқандай жұтыншақтай берді . Содан біраздан соң барып аузына сөз түсті .
- Сонда мен қайда барамын?- дейді көзі жыпылықтап жалынышты үнмен .
- Білмеймін- дедім де сөзімді жалғай түстім . Сіздің ең бастысы баратын жеріңіз бар . Өйткені міне мынандай үйіңіз бар . Бір емес екі көлігіңіз бар . Ал мына мен қайда барамын ? Үйімнен басқа баратын жерім жоқ . Бірақ мен үйіме кетер болсам онда қайтып келмеймін . Баланы да бермеймін . Егер де менімен мына балаңыздан айрылғыңыз келмесе онда бізге иелік етіңіз . Арақты мүлдем тастаңыз . Сосын мына менің атыма бизнестің бір бөлігін өтіріңіз . Ал маған сенбейтін болсаңыз мына балаңыздың атына қалдырыңыз- дедім .
- Аа дұрыс ия , дұрыс деп қоштай жөнелді . Сезіп тұрмын , бұл сорлының менен де, баладан да айрылғысы жоқ . Бірақ , бірақ -деді де жер шұқып үнсіз қалды . Мен енді онан сайын күдіктене бастадым . Қатты ойға баттым . Шынымен де мұның атында түк жоқ екен ғой деген ойға қалдым . Ия ия , бұл Сәкеңнің атында түк жоқ деген әңгімені бұрын да құлағым шалғаны бар еді . Міне бүгін сонысы айдан анық болды . Әйтеуір абырой болғанда көп жүрмей үлкен қыз шетеліне кетті . Сонда ғана мен одан құтылғандай болдым . Алайда араға апта салып қайта оралды . Қандай да бір құжаттар үшін келіпті . Бірақ кіші қызды да ерте келіпті . Ол аздай мына үлкен үймен тағы да екі дәріхана осы кіші қыздыкі боп шықты . Әрине мұны білгенде мен де қарап отыра алмадым . Осылардың ұрпағын арқалап жүріп не үшін қарап отыруым керек дедім . Таныстарым арқылы мықты адвокаттар іздей бастадым . Міне осылайша бәйбішенің сүйегі кеппей тұрып өзара ханталапай басталды ...
(Жалғасы бар...)