Ішерге ас суы болмаса да бетіне жағар бес тонна бояуы бар Мөлдір қызын еш ойлаған емес. Тіпті мектепке де берген жоқ. Өйткені тұрақты тұрар мекені болған жоқ. Алайда қызын тастап кетуге де қимайды.
Уақыт өте келе Лаура өте сұлу болып бой жетті. Ешқандай да әкесінің жоқ екенін, анасының қандай кәсіп пен айналысатынын түсінген бойжеткен әр түнді қорқыныш пен өткізетін.
Себебі анасына келген еркек деп атауға арзымайтын қаңғыбас иттер Лаураға да көз салып қоятын кездер болған. Анасының бұл ісінен әбден арланып жиіркенетін бойжеткен талай рет анасынан қашып та көрді. Білімі жоқ, аңқау, ауызы ашық өрімдей жас қыз талай алаяқтың құрбаны болып, жұмысының ақысын ала -алмай далада жаурап жасынап ақыр соңы анасына қайтып келетін. Ағаларын іздегісі келген. Бірақ қайдан іздерін, кімнен көмек сұрарын да білмей жүрді.
Әжесін сағынып «мені іздеп тапса екен» деген арманға сеніп күтуден басқа амалы қалмады. Ал бұл кезде Әсия Шерханның бір ұл, бір қызымен алданып, солардың қызығына бөленіп жүрген еді. Берікте үйленіп, Сұлушаш атты сұлуды өзіне жар етті. Аллаға шүкір екі келініде адалынан келді. Бір -бірінен өткен ақылды. «Анашым» деп Әсияның асты -үстіне түседі. Алайда Әсия тұңғыш немересі Лаураны ойлауын тоқтатқан емес.
«Қателік жасаған адамнан қорықпа, бір қателікті екінші рет жасаған адамнар қорық» деген сөз бар. Лаураны өмірдің өзі шыңдап, әр бір қателігінен сабақ алып, жігерлі де төзімді батыл қызға айналды. Өз арбасын өзі сүйреп, қара жұмыс істеп нанын тауып жеп жүрді. Мөлдір болса сол баяғыша, түнгі көбелектік кәсібін тоқтатқан емес. Әсияның жүрегі сыр беріп, бір аяғы төрде, бір аяғы көрде болып төсек тартып жатып қалды. Шерханды жанына шақырып ішкі сырын ақтарды.
- Ұлым, менің дәм тұзым таусылуға шақ. Саған айтар соңғы тілегім бар.
- Айта беріңіз, анашым.
- Лауратайымның жағдайын білгім келеді. Оны іздеп көрші өтініш. Оның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізгім келеді.
- Анашым, мен де оны бір сәт есімнен шығарған емеспін. Бірақ оны қайдан іздеймін?
- Тырысып көрші балам.
- Қолымнан келгеннің бәрін жасап көремін.
Шерхан, Мөлдір мен Лаура жайлы сұрастырып көшіп кеткен ауылдарына қайта барды. Таниды деген адамның бәрінен сұрады. Ешкім ешқандай ақпарат білмейді. Ұнжырғасы түсіп, үйіне қайта оралды. Жолына терміліп, көзі жаутаңдап отырған анасына қарап, өзін қоярға жай таппай қалды. Анасының жағдайы күн өткен сайын нашарлауда. Әр күн сайын Лаура жайлы сұрап, Шерханға жалбарынатын. Анасының жағдайына қарап, қолынан ештеңе келмегені үшін күйінген жігіт жер көкке сыймай әбден жан азабының отына күйді.
Бар білетіні жеңгесі мен қарындасының да, Алматыда екендігі. Алайда миллионнан астам тұрғыны бар алып шаһардан оларды қалай іздеп табарын біле алмай сарсаңға түсті. Ақыр соңы ойлана келе ессіз әрекетке көшті. Аңға шыққан аңшыдай өтірік қызқұмар жігіттің кейпіне еніп әр бір жынойнақтың есігінен сығалап көрді. Ақысын төлеп жөзекшені жалға алғаны мен оларға жақындауға жиіркеніп бетіне түкіріп кететін. Біршама уақыт іздеп, Мөлдірді әрең тапты. Ақысын төлеп бөлмеде күтіп отырды. Клиентінің құмарын басамын деп келген келіншек бұрынғы қайын інісін көргенде есеңгіреп қалды. Есінен адасқан адамдай тоқтамай күле берді.
- Сенсің бе? Бір кездердегі өжет, батыл, қаһарман жігіт қайда кеткен?
- Жап, аузыңды. Мен сенің кесіріңнен осындай күйге түстім. Сендей адам бейнесіндегі шайтандарға түкіргенім бар.
- Мені неге іздедің?
- Лаура қарындасым қайда?
- Оны саған не үшін айтуым керек? Сен оған ешкім емессің. Кет жоғал.
- Мені күш көрсетуге мәжбүр етпе. Жаныңның барында айт.
- Айтпаймын. Сендерге қызымды бермеймін.
Шерхан осы күнге дейін бойын кернеген ашудың бәрін сыртқа шығарып жеңгесін қылқындыра бастады.
- Кәне ,айт деймін !
-Жібер мені өлтіресің.
- Айт, Лаура қайда?
- Қазір айқайлаймын.
- Шақыр, кәне !
Мөлдір айқайлаған соң, күзетшілер жетіп келіп, Шерханды сыртқа шығарып жіберді. Мықтап кіліттелген есіктен Шерхан қайта ішке кіре алмады.
Сол есіктен Мөлдірдің шыққанын күтіп, аңдып отырды. Таң атуға жақын, айдың жарығынан бәрі де ап- анық көрініп, әр бір тіршілік иесін көзден таса қылмай бақылап отырды. Әлгі есіктің алдына қымбат көлік келіп тоқтады. Іштен Мөлдір шығып көлікке мініп, көлік иесі мен өбісіп, құшақтасып біршама уақыт отырды. Күткен сәт жетіп көлік оталды. Осы сәтті асыға күткен Шерхан көліктің артынан еріп отырды.
Өңкей бай - бағландар тұратын қымбат ауданда орналасқан шағын үйге әлгі екеуі кіріп кетті. Шерхан көлік ішінде түнеп, Мөлдірдің үйден кетер кезін күтіп отырды. Бір кезде әлгі еркек шықты. Артынан көп ұзамай Мөлдір шығып, үйден ұзай қоймаған жанындағы ер адамның көлігіне мініп әлденені алды да сөмкесіне салды. Алыстан бақылап тұрса да ақша алғанын бірден сезіп, клиенттерінің бірі болар деп ойлап қойды. Мөлдір үйден алыстаған соң, үйге кіріп есікті тоқылдатты. Бойы ұзын, көрікті, жүзі бал-бұл жайнаған, ағасы Ғазизден аумайтын сұлу бойжеткен есікті ашты.
- Сәлеметсіз бе, келіңіз.
- Қарындасым...
- Түсінбедім?
- Сіз кімсіз?
-Мен ағаңмын ғой. Шерхан.
- Шерхан аға...? Иә, есіме түстіңіз ағау.
Лаура бірден ағасының мойнына асыла кетіп жылап жіберді.
- Ағатай, мені неге іздемедіңіз? Кешігіп неге келдіңіз?
-Сені бір сәтте есімізден шығарған емеспіз. Сені әрең іздеп таптым ғой. Әжең сенің жолыңа қарап екі көзі төрт болды. Менімен бірге кетесің бе?
- Әжем... Иә, әжеме барғым келеді. Бірақ....
- Не, бірақ? Айтсаңшы...
-Мен жақында ғана тұрмысқа шықтым. Күйеуімнің үй іші әле хабарсыз. Сондықтан да маған бұл үйден шығуға тыйым салған.
- Күйеу баланың, әке шешесінің рұқсатынсыз шаңырақ көтердіңдер ме? Бұл қалай? Иә, иә түсіндім. Анаң үшін бе?
(Лаура жүзін төмен қаратты)
-Аға, үйге кіріңіз. Ол қазір келіп қалуы керек. Келсін түсіндіріп айтамын. Әжемді қатты сағындым. Көруге асығып барамын. Ол келгенше ішке кіріңіз.
Ағасы мен қарындасы екеуі әбден шүйіркелесіп әңгіме дүкен құрды.
-Анаң қайта тұрмысқа шықты ма?
- Жоқ, оған күйеудің қажеті не? Мен айтпасам да өзіңіз білесіз ғой.
(Шерхан ойланып қалды. Әлгі еркек кім болғаны сонда?)
-Бұл үй кімдікі? Қашаннан бері тұрасыңдар?
- Бұл үйге жақында ғана көшіп келдік. Менің күйеуім сыйлады.
-Солай ма?
Сол сәтте сыртқы есіктің ашылғанын байқап Лаура есік жаққа қарай жүгірді.
-Шерхан аға, міне оның өзі де келді. Жан білесің ғой саған ағаларым жайлы айтып едім. Сол ағам мені іздеп келіпті.
Есіктен кірген Лаураның күйеуін көрген бойда Шерхан орнынан атып тұрып күйеу баласының жағасына жармаса кетті.
- Аға, сіздің мұныңыз не? Оны неге ұрасыз?
- Күйеуім дегенің осы адам ба? Мені бұл итті анаңның көңілдесінің бірі болар десем.
-Неге олай дейсіз?
- Мен сені табу үшін анаңның артынан аңдып жүрдім. Кеше ғана екеуі көлікте жабысып, сүйісіп отырды. Өз көзіммен көрдім. Бұл қалай сонда?
- Жоқ, аға не айтып тұрсыз?
- Айт кәне шыныңды. Ана арсыз қатын екеуің не бүлдіріп жүрсіңдер? Қандай жоспар құрдыңдар? Оған не үшін ақша төледің жаңа ғана?
- Ақша дейсіз бе? Анама ақша төледің бе? Азамат не болып жатыр?
Шерхан әлгі итті сөйлемесіне қоймай ұрып, төуіп тастады.
Нәтижесінде бәрін баяндап берді.
-Иә, бәрін айтамын. Тек мені ұрмаңыз. Лаура мен саған күйеу емеспін. Болмаймын да. Өйткені менің әйелім бала - шағам бар. Құдай тас төбемнен ұрсын мені. Мені кешірші. Мен тек сенімен уақыт өткізу үшін ғана жүрмін. Мұның бәріне анаң кінәлі. Сенімен мауқымды басқан соң өтірік жанжалдасып айырылысып кетуім керек болған. Енді міне бәрін өзің білесің.
- Мен саған сендім ғой. Бұлай істеуге қалай дәтің барды. Оңбағандар.
Шерхан әлгі жігітті иттей етіп өлімше сабап, Лаураны ертіп үйден шығып өз үйіне алып барды. Лаураға не айтса да қыз байғұсты жұбата алмай ақ қойды.
- Лаура, әжеңді жақсы көресің бе? Оны сағындың ба?
- Иә, өте қатты...
-Олай болса жылама... Әжеңнің жағдайы ауыр. Сенің мына жағдайыңды көрсе жаны қиналып, жағдайы тіптен нашарлап кетеді.
- Жарайды, аға. Аға...
-Иә, айта бер..
-Дер кезінде келіп менің көзімді ашқаныңыз үшін алғысым шексіз. Әйтпесе ана арсыз әйел мені қаншама жалған күйеуге берері беймәлім еді. Мен оны «анам ғой» деп, жүрсем. Енді менің ондай анам жоқ.
- Бәрі жақсы болады... Бәрін ұмытасың.
Үйіне жетсе жедел жәрдем көлігі тұр екен. Екеуі де жүгіре ішке кірді. Әсияның жағдайы ауыр, кеудесінен жаны шығуға шақ қалыпты. Немере қызын көріп, қолын әрең көтеріп, Лаураның жүзін сипады да, күлімдеп тұрып жан тәсілім етті.
Әжесімен қаншама жылдан кейін енді ғана қауышқан байғұс қыз «әжем ай» деп, ботадай боздап қала берді.
Шерхан мен бауырлары Лаура үшін бәрін де жасады. Олардың ұл қыздарымен өзін жұбатқан Лаураның бәрібір көңілінде «Анам маған неге бұлай жасады» деген ой қалып қойды. Анасын сол күйі қайта кезіктірмеді. Тіпті өлі немесе тірі екенін білуге де қызықпады. Шерхан мен Беріктің келіншегі үнемі Лаураға қамқор болып, ақылдарын айтып өмірге деген құштарлығын оятты. Тігіншілік курс оқып, ағалары ашып берген ательеде жұмыс жасап жүрді. Жеңгелері женгетайлық етіп, жақсы еразаматқа тұрмысқа берді. Дүркіретіп ұзату тойын да жасап берді.
Алайда Лаураның ойынан арсыз анасының істеген иттігі бір сәтке шыққан емес.
Соңы...
"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан
Дереккөз: el24kz